Добавить новость
smi24.net
World News
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Алматы тауларында үш жігіт жоғалып кетті: біреуі қаза тапқан

0

Желіде Алматы тауларына шығып, қайта оралмаған үш жігітке қатысты ақпарат тарады. Қалалық ТЖД ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 26 желтоқсанға қараған түні 112 пультіне бір әйел хабарласып, ағасының екі досымен бірге 24 желтоқсанда таңертең тауға кеткенін, содан бері байланысқа шықпағанын айтқан. Оның сөзінше, жоғалғандардың ұялы телефондары 12 сағаттан аса уақыт бойы сөнулі болған.

Хабар түскеннен кейін ықтимал іздеу аумағына ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, "Қазавиақұтқару" тікұшағы көтерілген. Әуеден шолуы барысында құтқарушылар "Тұйықсу" мұздығы, "Мыңжылқы" шатқалы және "Локомотив" шыңы аумақтарын тексерген.

Ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен жүргізілген іздеу кезінде "Локомотив" шыңы маңынан бір адамның мәйіті табылған. ТЖМ әуе борты арқылы 3700 метр биіктіктен түсіріліп, марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, марқұмның жеке басы барлық қажетті тексерулер аяқталғаннан кейін анықталатыны айтылды. Марқұмның жақындарына психологтар мен медицина қызметкерлері тарапынан қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Қазіргі уақытта тауда қалған тағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Операцияға 50-ден астам адам қатысып жатыр, 7 техника, 4 дрон және 3 кинологиялық есептоп жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *