Қазақ педагогикасының тарихында өшпес із қалдырған тұлғалардың бірі – Құмаш Нұрғалиев. Ол Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласқан Құмаш Нұрғалиев 19 жасында майданға аттанып, Ұлы Отан соғысына қатысады. 1944 жылы ауыр жараланып, екі аяғынан және бір қолынан айырылғанына қарамастан, білімге деген талпынысын тоқтатпай, Мәскеудегі госпитальде емделу кезінде орта білім туралы аттестат пен бухгалтерлік курсты қатар аяқтап шығады. Ауылына оралған соң тағдырдың ауыр сынағына мойымай, ұстаздық жолды таңдайды. Алдымен орыс тілі пәнінен сабақ беріп, кейін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай тәмамдайды. Боран орта мектебінде 30 жылдан астам уақыт үздіксіз директорлық қызмет...