Дорамадағы Кван Сикті өмірде кездестіре аламыз ба?
Дорама — азиялық телесериалдардың ерекше әлемі. Көбіне корей, қытай және жапон елдерінде түсірілетін бұл сериалдар түрлі әлеуметтік, психологиялық және романтикалық мәселелерді көтереді. Кейбір дорамалар махаббат тақырыбын қозғап, адам жанын тербесе, енді бірінде қорқынышты немесе фантастикалық, шынайы өмірде болуы қиын оқиғалар бейнеленеді. Дорама актерлері мен актрисалары көптеген көрерменнің жүрегінен орын алып, талай адамның қиялындағы идеалға айналады.
Солардың бірі — 16 бөлімнен тұратын, 2025 жылдың 7 наурызында жарық көрген «Когда жизнь преподносит тебе мандарины» дорамасы. Бұл шығармада Э Сун мен Кван Сиктің кіршіксіз махаббаты, өмір жолындағы қиындықтары мен бір-біріне деген адалдығы баяндалады. Дорама шыққаннан кейін Кван Сик бейнесін сомдаған Пак...
