Әлеуметтік желілердің қазіргі жастарға әсері
Қазіргі уақытта интернет технологиялары қарқынды дамыған кезеңде өмір сүріп отырмыз. Соның нәтижесінде әлеуметтік желілер кеңінен қолданылып, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Әлеуметтік желілердің қазіргі жастарға әсері өте жоғары. Себебі әлеуметтік желі — байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар қажетті ақпаратты жылдам алуға, жеке дамуға және табыс табуға мүмкіндік беретін орта.
Әлеуметтік желілер арқылы адам уақытын тиімді ұйымдастырып, пайдалы контент тұтына алады. Әлем бойынша адамдардың шамамен 60 пайызы әлеуметтік желілерді күнделікті қолданады. Бұл тек жастарға ғана емес, балалар мен егде жастағы адамдарға да әсер етіп отырғаны белгілі. Орта есеппен адам күніне 2,4 сағаттан астам уақытын әлеуметтік желілерде өткізеді. Мұндай...
