ҰБТ: білім сапасының өлшемі және болашаққа бастар қадам
Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі маңызды кезеңдердің бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ). Бұл сынақ мектепті аяқтаған түлектердің білім деңгейін бағалап қана қоймай, олардың жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін айқындайтын басты тетік болып саналады. 2004 жылдан бастап енгізілген ҰБТ бүгінде еліміздің білім беру саласындағы негізгі реформалардың бірі ретінде қарастырылады.
Қазақстан бойынша 181 000-нан астам талапкер ҰБТ тапсырды (екі мүмкіндікті есепке алғанда тест тапсыру саны – 326 000 рет). Яғни көптеген талапкерлер жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін арттыру үшін тестілеуден екі рет өткен.
Қатысушылардың 75,1%-ы қазақ тілінде, 24,8%-ы орыс тілінде, ал 168 адам ағылшын тілінде тест тапсырды;
Шекті балл жинаған талапкерлердің үлесі 76,4%-ды құрады (шамамен 139 000 адам).
ҰБТ...
