Добавить новость
smi24.net
World News
Февраль
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қаңтардағы ҰБТ-2026 нәтижесі қандай?

0

Қаңтардағы ҰБТ-ны 139 мың адам тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Қаңтардағы ҰБТ басталғалы бері талапкерлердің 76 пайызы тесті қазақ тілінде, 24 пайызы орыс тілінде, ал 86 адам ағылшын тілінде тапсырған.
Екі аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 69 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа балл 64 болды. Ең жоғары нәтиже – 138 балл.

"Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 328 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн. Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады", - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

ҰБТ өткізіліп жатқан үш апта ішінде 244 рет ереже бұзылған. 152 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілген. Тағы 92 адам тест кезінде ережені бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылған. Орнына басқа адамның кіріп тапсыру деректері тіркелмеген.

"ҰБТ-2026 аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Егер тыйым салынған заттарды қолдану немесе ережені бұзу деректері анықталса, ҰБТ нәтижелері жойылады", - деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Еске салайық, тестілеуге қатысу үшін жалпы саны шамамен 187 мың өтініш қабылданған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *