Қайым Мұхамедханов – қазақ руханиятының қайраткері
2026 жылы қазақ ғылымы мен әдебиетінің ірі тұлғасы, көрнекті ғалым, жазушы, драматург, аудармашы, ұстаз әрі қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толып отыр. Оның есімі қазақ руханиятының алтын қорына мәңгілікке жазылған.
Қайым Мұхамедханов 1916 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келіп, 2004 жылдың 30 маусымында өмірден өтті. Ол саналы ғұмырын қазақ әдебиеті мен ғылымының дамуына арнаған бірегей тұлға болды. Ғалым Абайдың ақындық мектебін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, қазақ әдебиеттану ғылымында жаңа бағыттың негізін қалады. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы текстология ғылымының, шәкәрімтану мен алаштану салаларының негізін қалаушылардың бірі ретінде тарихта қалды.
Қайым Мұхамедханов — Семей қаласында Абайдың мемлекеттік музейін ұйымдастырушы. 1940 жылы ашылған бұл музей бүгінгі күнге дейін ұлы ақын мұрасын насихаттайтын...
