Добавить новость
smi24.net
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Ақтөбеде әйел мен оның үш баласы өлі табылды

0

Бүгін Ақтөбедегі Алматы ауданында жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған үш баласы өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдын ала мәліметке сәйкес қайғылы оқиға газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан табиғи газдан уланудан болуы мүмкін.

"Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасымен жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет басқарады. Комиссия уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасап, тексеріс жүргізіп, тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдайды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір құзырлы органдар тарапынан тергеу басталған.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіліп, сондай-ақ, материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетілмек.
Ақтөбе облысының әкімдігі марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіліп, сондай-ақ, қажетті материалдық және әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады.
Полиция мәліметінше, марқұм әйел 1993 жылы туған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *