Жетісу облысында дүкенде жарылыс болып, үш адам зардап шекті
Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТЖМ дерегінше, оқиға 15 ақпанда сағат 18:45 шамасында болғанОқиға орнына Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел жеткен. Төтенше жағдайға байланысты 27 жеке құрам, 6 техника жұмылдырылған.
Жарылыс салдарынан қабырға мен шатырдың бір бөлігі құлап, 36 шаршы метр аумақ зақымданды.3 адам зардап шегіп, тексерістен кейін аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Жағдайлары орташа ауыр, тұрақты.Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ауылдық әкімдік әлеуметтік желіде тұрғындарға дүкенде болған жарылыс салдарынан бірнеше көшеде су уақытша болмайтынын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
