Добавить новость
smi24.net
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28

Алматыда жер сілкінді: ТЖМ мәлімдеме жасады

0

Алматыда сезілген жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, қаладан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы ТЖМ хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен 15:11-де жер сілкінісін тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан. Алынған деректер өңделіп жатыр. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", - деп мәлімдеді ведомство.

Жер сілкінгенде не істеу керек?
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен түсіп-мінбеңіз;3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;4. Жасырынатын жерді табыңыз, жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көпқабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;7. Дабыл жол сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Бүгін алматылықтар жер сілкінісін сезді. Еуропалық–Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жер сілкінісі 17 ақпанда Астана уақытымен 15:08-де болды. Зілзаланың эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 74 шақырым жерде және Есіктен шығысқа қарай 31 шақырым қашықта орналасқан. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,0 болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *