Добавить новость
smi24.net
World News
Февраль
2026

Алматыда вейп саудасының ірі схемасы әшкереленді

0

Алматыда электрон темекілерге толық тыйым салынғанына қарамастан, вейптердің заңсыз саудасының ірі схемасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті кезекті қылмыстық істі аяқтады. Күдіктілер тыйым салынған өнімді Telegram-арналар арқылы сатқан.

"Тергеу барысында 180 мыңнан астам вейп тәркіленіп, жойылды. Оларды сатудан түсуі мүмкін табыс 1 миллиард теңгеден асуы ықтимал болған. Қоймалар мен сату нүктелері анықталды. Күдіктілердің мүлкіне 347 миллион теңге көлемінде шектеу салынды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс сотқа жолданды, жауапкершілікке алты адам тартылып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *