Бүгінгінің Алаш зиялысы – Санжар Керімбай
Алаш зиялылары халықты оқу мен ағартуға шақырған. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт жанашырлары жастардың жарқын болашағына барын салды. Қазіргі заманға да осындай жол көрсетер жан керек. Олардың бірі қазақ каламгері, журналист – Санжар Керімбай.
Ол кісінің болмысы ерекше. Қазақ халқына сіңген еңбегі ерең. 1974 жылы сәуірдің 5 жұлдызында, киелі Түркістан Арыс қаласында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қытай тарихы бөлімін тәмамдады. Шығармаларының негізгі идеясы – қазақтың салт дәстүрлері, болмысы мен отбасылық құндылықтар.
Болмысы Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық ойы мен Қожа Ахмет Ясауидың хикметтерімен тығыз байланысты. Олардың ілімдерін экзистенциялық тұрғыда түсіндіреді. Сондай ақ, қазақ қоғамына «логотерапияны» алғаш...
