Бес жыл үзілістен кейін үлкен экранға оралған актриса
Киноға билет алып, көрермендер қатарына қосылдым. Экрандағы алғашқы кадрлардан-ақ актерлер тізіміне көзім түсті. Сол сәтте таныс есім бірден назарымды аударды. Бұл – Алия Ануарбек. Соңғы жылдары оны кино әлемінен көрмеген едім. Кейінірек анықтасам, актриса бес жыл бойы үлкен экранға шықпаған екен. Бұл фильм – оның шығармашылыққа қайта оралуының бастауы. Көрермен Алия Ануарбекті Ағайынды сериалындағы Салтанат рөлі арқылы жақсы таниды. Табиғилығы мен шынайылығы арқылы ол көпшіліктің ықыласына бөленген. Алайда кейінгі жылдары актриса көрермен назарынан тыс қалды. Өз сөзінде ол бұл үзілісті...
