Ананың дұғасы — Пейішке бастар жол ма?
2024 жылы жарық көрген қырғыз көркем фильмі Жұмақ ананың табанының астында көрермен жүрегінен ерекше орын алды. Көпшілікке таныс «Жұмақ ананың табанының астында» деген сөзді бұл туынды жаңа қырынан сезіндірді. Фильмнің басты кейіпкері Әділдің тағдыры мен анасына деген шексіз құрметі ешкімді бей-жай қалдырмайды. Анасын арқалап, тау мен тасты асып, Меккеге жаяу аттанған ұлдың бейнесі — ұмыт бола бастаған рухани құндылықтарды еске салады. Жол бойындағы аштық пен шаршау ана мейірімінің алдында түкке тұрғысыз екенін аңғартады.
Басты рөлді сомдаған Эмиль Есеналиев сұхбаттарының бірінде: «Бұл фильм менің өміріммен сабақтас. Мен 2005 жылы анамнан ерте айырылдым. Үйге келесің, жарық жанып тұрады, бірақ іші қараңғы…» деген еді....
