Добавить новость
smi24.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда күн жылынады

0

Қазгидромет синоптиктері 12, 13 және 14 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көктем басталғанына қарамастан, еліміздің бірқатар өңірінде қыс әсері әлі де сезіліп тұр. Синоптиктер мәліметінше, әсіресе Қазақстанның солтүстігі мен шығысында суық ауа райы сақталған. Қар мен бораннан кейін бұл өңірлер суық антициклонның ықпалында қалды. Соның салдарынан ауа температурасы айтарлықтай төмендеген.

"Алайда көктем де өз күшін көрсетіп келеді. 12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды", - деді синоптиктер.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөл маңында және плюс мәнге көтеріледі деп күтіледі, ал оңтүстікте аптаның ортасына қарай ауа 5–10 градусқа дейін жылынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *