Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді ауыстырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Әбілқайыр Сқақов Қазақстан ның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;Бақыт Батыршаев Қазақстанның Қатардағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;Анель Бақытбекқызы Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;Болат Иманбаев Қазақстанның Сербиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Армениядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстанның Бангладештегі, Бутан Корольдігіндегі, Мальдивтегі, Непалдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
Сонымен қатар Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Рәпіл Жошыбаев Қазақстанның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;Арман Исағалиев Қазақстанның Қатардағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
