Добавить новость
smi24.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Астанада +24 градусқа дейін салқындайды, Алматы мен Шымкентте +47 градусқа дейін ыстық болады

0

Алдағы үш күнде Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы күрт өзгереді. Алматы мен Шымкентте аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +42...+47 градусқа дейін көтеріледі. Ал Астанада жаңбыр жауып, күн күркіреп, ауа температурасы +24 градусқа дейін төмендейді. Бұл туралы "Қазгидромет" мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана

19 шілде – құбылмалы бұлтты ауа райы, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +34...+36 градус.

20 шілде – жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус.

21 шілде – жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +24...+26 градус.

Алматы

19-20 шілде – жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +24...+27, күндіз +40...+42 градус.

21 шілде – күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +24...+26, күндіз +35...+37 градус.

Шымкент

19 шілде – жауын-шашынсыз. Желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +26...+28, күндіз +45...+47 градус.

20 шілде – жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +27...+29, күндіз +40...+42 градус.

21 шілде – күндіз жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +33...+35 градус.

Айта кетейік, 2026 жылдың жазы Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ыстық кезеңдердің біріне айналды. Маусымда бірнеше өңірде температуралық рекорд жаңарып, шілдеде аптап ыстық одан әрі күшейді.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *