Аңызға айналған Канело мансабын аяқтауға қатысты пікір білдірді
Танымал журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында мексикалық бокс жұлдызы Сауль Альварес тағы 3-4 жекпе-жек өткізіп, содан кейін кәсіпқой карьерасын аяқтауды көздеп отырғанын мәлімдеді.
Канело бұны табыс үшін емес, спортқа деген құштарлығы мен сүйіспеншілігі үшін істеп жүргенін атап өтті.
"Мен мұны қомақты гонорар үшін жасап жүрген жоқпын. Мен мұны бокстан әлі де шын мәнінде ләззат алатындықтан және оны жақсы көретіндіктен істеймін. Маған дәлелдейтін ештеңе қалған жоқ, өйткені мен бокста барлық дерлік жетістікке қол жеткіздім. Мүмкін тағы үш-төрт жекпе-жегім қалған шығар, себебі бокстан тыс басқа да мақсаттарым бар", - деді Канело.
Канело тағы 3 немесе 4 жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты. #HelwaniShowpic.twitter.com/CU0PhoNWTg
— Jed I. Goodman © (@jedigoodman) July 22, 2026
Сауль Альварес абсолют мәртебесінен айырылды
Еске сала кетейік, қазіргі заманның ең ұлы боксшыларының бірі Сауль Альварес өткен жылы жеңілмеген америкалық Теренс Кроуфордпен әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізген болатын төрешілер шешімімен есе жіберген еді.
Көпшілік үшін бұл нәтиже сенсация болды, өйткені америкалық боксшы қарсыласынан үш жас үлкен және бұл текетіресте фаворит саналмаған еді.
Атақты Сауль Альварес келесі жекпе-жегін 12 қыркүйекте "Mexico vs The World" турнирінде өткізуді жоспарлап отыр. Канелоның қарсыласы екінші орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша қазіргі әлем чемпионы Кристиан Мбилли болмақ.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Saul Alvarez (@canelo) жарияланымы
Әлімханұлы Канелоны "аңдып" жүр
Айта кетейік, қазақстандық боксшы, WBO және IBF нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы рингке қайта оралуы мүмкін мерзімнен жарты жыл бұрын (дисквалификациясы желтоқсанда аяқталады), супер орта салмаққа өтуді алдын ала санкциялау үшін орта салмақтағы титулынан бас тарту туралы шешім қабылдады.
Жәнібектің менеджері Берік Сұлтанның айтуынша, қазақстандық басқа санатта әлем чемпионы болғандықтан, бірден титулдық жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар супер орта салмақта әлеуетті қарсыластардың есімдері әлдеқайда танымал: мысалы, мексикалық Сауль Канело Альварес, Эдгар Берланга, Хамза Шираз, Хайме Мунгия және басқалар.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly) жарияланымы
Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбековтің пікірінше, жеңілмеген қазақстандық бұл қадамға рингке оралу үшін дүбірлі жекпе-жек ұйымдастыру мақсатында барған. Федерация басшысының ойынша, Әлімханұлы Канелоны нысанаға алды.
"Меніңше, ол Канело Альваресті жеңуге бел буды. Бұл - менің жеке пікірім. Онымен әлі сөйлескен жоқпын. Бірақ бұл командалық шешім болды деп ойлаймын", - деді Ерденбеков Tengri Sport-қа берген сұхбатында.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly) жарияланымы
“Уақыт келді“: Жәнібек Әлімханұлы әлемдік титулдан не үшін бас тартты?
