Добавить новость
smi24.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда ауа райы өзгереді: алдағы үш күнге болжам

0

"Қазгидромет" синоптиктері 25, 26 және 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауа райы күрт өзгереді: Қазақстанға Ираннан аптап келедіТаяу күндері Қазақстанға бірден екі ауа райы факторы әсер етеді: еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, нөсер жауады, сонымен қатар ыстық күшейе бастайды. "Қазгидромет" болжамынша, кей жерлерде ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі.Қай жерлерде қатты ыстық болады?
Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанға Иран аумағынан ыстық ауа массалары келе бастайды.
Максималды температура мынадай болады деп күтіледі:

батыста және солтүстік-батыста - +38…+43 градус;оңтүстікте - +36…+41 градус;орталықта - +28…+39 градус;оңтүстік-шығыста - +29…+37 градус;солтүстікте - +30…+35 градус;солтүстік-шығыста және шығыста - +23…+32 градус.

Қай жерлерде жаңбыр болады?
Ыстыққа қарамастан, атлантикалық циклонның әсері Қазақстанның бүкіл аумағында дерлік сақталады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жауын, бұршақ, дауыл соғып, жел күшейеді деп күтіледі. Болжам бойынша, тек батыс және солтүстік-батыс өңірлерде айтарлықтай жауын-шашын болмайды.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *