Алматыда Құлжа тасжолында көлік қозғалыс шектеледі
Құлжа тасжолында көлік қозғалысы үш тәулікке жуық уақытқа шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.
24 шілде сағат 20:00-ден 27 шілде сағат 8:00-ге дейін Бұқтырма көшесінен қала шекарасына дейінгі учаскеде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Бұл уақытта жол қызметтері асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсейді.
Жүргізушілерден бағытты алдын ала жоспарлау, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтау және белгіленген жылдамдықтан асырмау сұралады.
Жұмыс жүргізу кезінде учаскеде ескерту белгілері, сондай-ақ мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.
Алматыда тағы қай жерлерде қозғалыс шектелген?
21 шілдеден 1 тамызға (06:00) дейін - Жандосов көшесінің Дәулеткерей көшесінен қала шекарасына дейінгі бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу қойылады.
23 шілдеден бастап - 2-ші Гончарная көшесінде көлік қозғалысы шектелді. Себебі – жылыту маусымына дайындық жұмыстары.
13 шілдеден бастап - "Самал-2" шағынауданындағы Снегин көшесінің Мәндіқұлов бульвары мен Достық даңғылы арасындағы учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Себебі – құбырды ауыстыру.
17 шілдеден 30 тамызға дейін - Бекешев көшесінің Әбділдин көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Себебі – кәріз коллекторының құрылысы.
