Добавить новость
smi24.net
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Бөтеннің суретін пайдаланып бопсалаған: желіде қазақстандықтар үндеу жасады

0

Ғаламтордағы жай ғана таныстық қоқан-лоққы мен ақша бопсалауға ұласуы мүмкін. Қазақстандық қыз желідегі танысы оның жеке өмірі туралы сұрастырып, суреттері мен дауыстық хабарламаларын жіберуді өтінгенін, кейін сол материалдарды туыстарына, достары мен әріптестеріне таратамын деп қорқытқанын айтты. Соңында профиль иесі өзге адамның суреттерін пайдаланғаны белгілі болды, деп хабарлайды Tengri Life.
Алдымен таныстық, сосын қоқан-лоққы
Қыздың айтуынша, алғашында қарым-қатынас әдеттегідей басталған. Ер адам қарым-қатынас құруды ұсынып, кездесуге шақырған, жеке сұрақтар қойып, қызығушылықтарын білген.
Сөйлесу барысында қыз оған суреттері мен дауыстық хабарламаларын жіберген. Кездесуге келіскеннен кейін ер адам хаттарды және жеке материалдарды таратамын деп қорқыта бастаған. Оларды өшіру үшін ол 10 мың теңге талап еткен.

"10 мың жібересің, мен бәрін өшіремін, саған экран жазбасы түрінде дәлел жіберемін", - делінген хабарламада.

Ол материалдарды қыздың достарына, туыстарына және әріптестеріне жібере алатынын айтқан. Егер ақшасы болмаса, біреуден қарыз алуға кеңес берген.
Threads.com скриншоты
Суреттегі ер адамның еш қатысы жоқ
Жазба жарияланғаннан кейін желі қолданушылары суреттегі адамды тауып алған. Жігіт бұл аккаунт атынан ешкіммен таныспағанын және қыздардан ақша сұрамайтынын мәлімдеді.

"Егер сіздерге менің суреттеріммен біреу жазса - бұл фейк. Мен таныспаймын және ақша сұрамаймын. Сақ болыңыздар", - деп жазды ол.

Threads скриншоты
Таныс сценарий
Қазақстандық қыздың жазбасынан кейін басқалар да осыған ұқсас жағдайларды айта бастады.
Бір қолданушы дәл осы суреттерді пайдаланған адам одан басқа әлеуметтік желілердегі аккаунттарын сұрағанын хабарлады. Бас тартқан соң да ол көндіруге тырысып, қарым-қатынас құрғысы келетінін айтқан.
Тағы бір қыз одан мәліметтерді жарияламағаны үшін 100 мың теңге талап етілгенін айтты.
Мұндай істер Қазақстанда бұған дейін де тергелген
2023 жылы Астанада бір әйел ұсталды, ол тергеу мәліметтері бойынша ойдан шығарылған ер адамның парақшасын ашқан. Сөйлесу кезінде ол әйелдерден интим суреттер алып, кейін оларды жариялаймын деп қорқытып, ақша талап еткен. Жәбірленушілердің бірі оған 130 мың теңге аударған.
2026 жылы мамырда Оралда әйел ақша алып жатқан жерінде ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол ер адамнан 500 мың теңге талап еткен.
Бұған дейін Шымкентте бір ер адам танысынан 100 мың доллар талап еткен. Ол жеке суреттері мен видеоларын жариялаймын деп қорқытқан. Күдікті ұсталғанға дейін жәбірленуші оған 10 миллион теңге беріп үлгерген.
Тағы бір айқын жағдай Батыс Қазақстан облысында болды. Ер адам жұбайының интим суреттерін таратамын деп қорқытып, одан ақша талап еткен, кейін суреттерді әйелінің әкесіне және ортақ чатқа жіберген. Сот оған бопсалау және жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу баптары бойынша үш жыл екі айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Мұндай әрекеттер үшін қандай жаза қарастырылған?
Суреттер, хаттар, видеолар немесе басқа да жеке мәліметтерді таратамын деп қорқытып ақша талап ету Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 194-бабы ("Бопсалау") бойынша саралануы мүмкін. Бұл бап төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Ауырлататын мән-жайлар болса, жаза 15 жылға дейін жетуі мүмкін.
Егер сізден ақша талап етсе не істеу керек?
Полиция ақша аудармауға және хаттарды өшірмеуге кеңес береді: ақша төлеу материалдардың жойылатынына кепілдік бермейді, ал қаскөй тағы аұша талап етуі мүмкін. Қорқыту скриншоттарын, дауыстық хабарламаларды, аккаунт сілтемесін, телефон нөмірін және ақша аудару деректемелерін сақтап қойыңыз, содан кейін 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласыңыз немесе жеке барып арыз жазыңыз.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *