Үндістанның 35 азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды
Шетелдіктер елде болудың рұқсат етілген мерзімін асырып, Қазақстан аумағында заңсыз жүре берген. Алматы ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері құқықбұзушылардың жүрген жерін анықтап, оларды ұстады.
Сот шешімімен ұсталған шетелдіктердің барлығы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, ал полиция қызметкерлері олардың әуежайдағы шекаралық және паспорттық бақылаудан өткенге дейінгі кету процесін қадағалады.
Сонымен қатар шетелдік азаматтардың елде болу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың кетуіне дер кезінде шара қолданбаған қабылдаушы тараптар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)
Полиция көші-қон заңнамасын сақтау шетелдік азаматтар үшін де, оларды Қазақстан Республикасының аумағында қабылдайтын тұлғалар үшін де міндетті екенін еске салды. Бұл бағыттағы бақылау жұмыстары жалғасып жатыр.
