Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

УЕФА “Қайраттың“ Түркістанда өтетін Чемпиондар лигасы матчіне қатысты маңызды шешім қабылдады

0
Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі "Қайраттың" қарымта кездесуіне германиялық төреші Даниэль Зиберттің тағайындалғанын хабарлады. Ол турнирдің өткен жылғы финалында қазылық еткен болатын, деп хабарлайды Tengri Sport УЕФА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйым сайтында Түркістанда өтетін "Қайрат" пен "Левски" (Болгария) арасындағы матчте қызмет ететін төрешілер тізімі жарияланды. Қазақстанға Зиберт бастаған Еуропадағы ең білікті төрешілер бригадасының бірі келеді.
Фото: uefa.com
Айта кетейік, 42 жастағы Даниэль Зиберт Чемпиондар лигасының өткен маусымында 10 матчті, оның ішінде плей-офф кезеңінің бес ойынын басқарған.
"Қайрат" Чемпиондар лигасының матчін Түркістанда өткізеді
Еске салайық, алғашқы матчтен кейін "Қайрат" "Левскиден" 0:1 есебімен жеңіліп тұр. Ойын Софияда өткен болатын, енді қазақстандық ұжымның өз алаңында есе қайтаруға мүмкіндігі бар.
Алайда, алматылықтар ойынды 23 мың көрермен сыятын өз стадионында емес, Түркістандағы 7 мың орындық аренада өткізеді.
Матч Алматыдағы "Орталық" стадионда 14 тамызда өтетін Канье Уэсттің концертіне дайындық басталып кетуіне байланысты ауыстырылды.
"Қайрат" – "Левски" матчі 11 тамызда сағат 20:00-де басталады. Ойынға барлық билет сатылып кеткен.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

"Қайрат" ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *