Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Шекарадағы жүк көліктері кезегі: Қазақстан үкіметі мәселе қалай шешілетінін айтты

0

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттеріндегі жағдай бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҰҚК Шекер қызметінің мәліметінше, қазақстандық тараптағы "Әлімбет", "Жайсан" және "Сырым" өткізу пункттері тәулік бойы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Транзиттік тасымалдың маусымдық өсуіне байланысты ЕАЭО ішкі контурындағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарына бақылау күшейтілгені, бұл тексеруден өту уақытын қысқартуға тиіс екені атап өтілді.

Бұдан бөлек, басымдыққа ие өткізу пункттерінің жанынан жүк көлігі жүргізушілеріне арналған сервистік күту аймақтарын құру жоспарланған. Бұл жұмыстарды 2027 жылы аяқтау көзделіп отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша бейінді ведомстволарға автокөліктердің кедергісіз және жедел өтуін қамтамасыз ету тапсырылды. Осы мақсатта Көлік министрлігі мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жедел штабтар құрды. Баспасөз қызметі атап өткендей, жағдай Қазақстан Үкіметінің бақылауында.

Мән-жайы

Еске сала кетейік, бұған дейін жүк көлігі жүргізушілері "Диапазон" газетіне Ақтөбеден Орскіге шығу үшін шекарада бірнеше күннен бері кезекте тұрғандарын хабарлаған болатын.

Шекарадағы бірнеше шақырымға созылған кезекте негізінен жүк көліктері тұрғаны, алайда жеңіл машиналардың да күтіп қалғаны нақтыланды. Жүргізушілердің бірі "Әлімбет" өткізу пунктінде бір мезетте бір жүк көлігі мен екі жеңіл көлікті ғана өткізіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, жүк көліктерінің кезегі шамамен төрт шақырымға созылған, ал өзі бес сағат ішінде небәрі 600 метрге ғана ілгерілей алған. Ол ұзақ күтуге байланысты наразылығын білдірді.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *