Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне сенім деңгейі жоғары екенін көрсетті

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім деңгейі 85,7 пайызды құрады. Мұндай мәліметті 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығы ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сауалнамаға кімдер қатысты?
Зерттеуге 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қала – Астана, Алматы және Шымкентте 18 жастан асқан 8 мың респондент қатысты.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес, қатысушылардың 85,7 пайызы "иә" немесе "иә деуге болады" деген жауаптарды таңдап, Президентке сенім білдіретінін мәлімдеді.

"Зерттеу 18-29 аралығындағы жастардың Президентке жоғары деңгейде сенім білдіретінін анықтады. Осы жас тобындағылардың 90,1 пайызы ("ия" және "ия деуге болады" жауаптарының ортақ көрсеткіші) Президентке сенім артатынын білдірді. Бұл сауалнамаға қатысқандарды жас санаттары бойынша талдағандағы ең жоғары көрсеткіш", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ зерттеу білім деңгейі мен Президентке сенім арасындағы байланысты анықтады. Білім деңгейі төменірек респонденттер арасында бұл көрсеткіш 81,8 пайызды құраса, жоғары білімді азаматтар арасында 89,7 пайыз болды.
Көпшілік Қазақстанның даму бағытын қолдайды
Сауалнама елдің даму бағытын қолдау деңгейі де жоғары екенін көрсетті. Азаматтардың 81,5 пайызы Қазақстан дұрыс бағытта дамып жатыр деп санайды.
Президентке сенім жағдайындағы сияқты, ең жоғары көрсеткіш 18-29 жас аралығындағы жастар арасында тіркелді – 85,4 пайыз.
Жас шамасы ұлғайған сайын елдің даму бағытын оң бағалайтын респонденттер үлесі төмендейді, бірақ бәрібір жоғары деңгейде қалады. 60 жастан асқан респонденттер арасында бұл көрсеткіш 76,9 пайыз болды.

"Президентке сенім білдіретіндер арасында білім деңгейі бойынша жоғары білімділер ең жоғары көрсеткішті құраса, Қазақстанның даму бағытын дұрыс деп санайтындардың да ең жоғары үлесі жоғары білімді азаматтар арасында тіркеледі (86 пайыз)", - делінген хабарламада.

Ерлер мен әйелдер арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ
Зерттеу авторлары Президентке сенім мен елдің даму бағытын қолдауға қатысты ерлер мен әйелдердің, сондай-ақ қала мен ауыл тұрғындарының көзқарастарында елеулі айырмашылық анықталмағанын атап өтті.

"Зерттеу нәтижелері елдің әлеуметтік-саяси даму бағытын барынша оң бағалайтын азаматтардың әлеуметтік санатын анықтауға мүмкіндік берді. Олар мемлекеттік бастамаларды одан әрі ілгерілетудің әлеуетті тірегі бола алады. Бұл санатты жас қазақстандықтар мен жоғары білімді азаматтар құрайды", - деп атап өтті зерттеу авторлары.

Сондай-ақ зерттеушілер Президентке сенім мен Қазақстанның даму бағытына берілген оң бағаның үйлесуі қоғамдағы жоғары деңгейдегі консолидацияны, әлеуметтік оптимизмді және қоғамдық-саяси тұрақтылықтың әлеуетін көрсетеді деп санайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президентке сенімнің жоғары деңгейін Қазақстандық қоғамдық даму институты (ҚҚДИ) да тіркеді. 2024 жылдың ІІ тоқсанында бұл көрсеткіш 86,9 пайыз болған.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *