Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Жусан мен ойраншөп: қазақстандық ғалым аллергиясы бар Алматы тұрғындарына ескерту жасады

0

Ғалымдар қалада жусанның белсенді тозаңдану кезеңі басталғанын, сонымен қатар ойраншөп (амброзия) концентрациясының жоғары деңгейі сақталып отырғанын хабарлады. Олар аллергиясы бар адамдарға түсетін жүктеме екі есе артуы мүмкін екенін ескертеді, деп хабарлайды Tengri Health тілшісі.
Жусан тозаңы көбейді
8 тамызда Алматыда жусанның белсенді тозаңдану кезеңі басталды. Бұл туралы Facebook парақшасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде апта сайын тозаң мониторингін жүргізетін қазақстандық ғалым, профессор Қайсар Табынов айтты.
Оның сөзінше, бұл күні тозаң концентрациясы маусымда алғаш рет текше метрге 67 түйіршікке жеткен. Келесі күні бұл көрсеткіш текше метрге 95 түйіршікке дейін өскен.
Анықтама: "Текше метрге шаққандағы түйіршік" тіркесі ауаның бір текше метріндегі тозаң түйіршіктерінің шоғырлануын білдіреді. 67 түйіршік - жоғары концентрация. Тозаңға аллергиясы бар адамдарда бұл көрсеткіш тұмау, түшкіру, көздің қышуы мен жасаурауын тудыруы мүмкін. 10 түйіршікке дейінгі көрсеткіш төмен болып саналады.

"Бір апта ішінде Алматы ауасынан анықталған барлық өсімдік тозаңының 37,8 пайызы жусанға, ал ойраншөппен бірге есептегенде - қазірдің өзінде 51 пайызға жуығы тиесілі болды. Жусанға аллергияңыз болса, мұны қазірдің өзінде сезінген боларсыз", - деп түсіндірді сарапшы.

Ойраншөп жүктемені арттырып отыр
Жусан концентрациясының өсуімен қатар Алматыда ойраншөптің жоғары концентрациясы сақталып отыр, деп атап өтті профессор Табынов.
7 және 8 тамызда көрсеткіш текше метрге 30 түйіршіктен асып түскен. Бұл ретте, ғалымның айтуынша, сезімтал пациенттерде симптомдардың пайда болуы үшін текше метрге шамамен 10 түйіршік концентрациясы да жеткілікті болуы мүмкін.

"Алматыда жусанға аллергиясы бар пациенттердің шамамен 30-50 пайызында амброзияға да сенсибилизация бар (бұл адамның иммундық жүйесі ойраншөп тозаңын аллерген ретінде қабылдап, оған реакция береді дегенді білдіреді - ред. еск.). Сондықтан мұндай адамдарға түсетін жүктеме екі еселенуі мүмкін", - деді Қайсар Табынов.

Алматыдағы ауаның тозаң мониторингі. Фото: Қайсар Табынов
Профессордың мәліметінше, ол Алматы ауасындағы ықтимал тозаң аллергендерінің мониторингін былтырдан бері басқа мамандармен бірлесіп жүргізіп келеді.
Ол үшін ауадағы тозаң мен басқа да бөлшектерді жинауға және санауға арналған арнайы тұзақты қолданады.

"Бүгінде бұл - ауадағы өсімдік тозаңының мөлшерін анықтаудың ең дәл әдісі. Біз бұл жұмысты ғылыми мақсатта жүргізіп жатырмыз", - деді ол.

Тозаң концентрациясының жоғары болуына байланысты профессор аллергиясы бар адамдарға ауадағы бөлшектер мөлшері болжамын қадағалап отыруды және мүмкіндігінше тозаңданудың ең жоғары сағаттарында далада болу уақытын қысқартуды ұсынады. Сондай-ақ ол тағайындалған болса, демеуші терапияны ұмытпауға кеңес береді.
Қорытындылай келе, профессор Қайсар Табынов мамандар бақылауды жалғасып, қала тұрғындарын хабардар етіп отыратынын атап өтті.
Спикер туралы анықтама: Қайсар Табынов - профессор, PhD, "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КЕАҚ Халықаралық вакцинология орталығының директоры.
Бұған дейін Алматыда аллергия жағдайлары көбейіп бара жатқанын жазған болатынбыз. Дәрігерлер маусымның ерте басталуын ғана емес, оның ұзаққа созылуын да тіркеп отыр.
Тағы оқыңыз: “Жай ғана маусымдық мәселе емес“. Алматыда балалар мен ересектер арасында аллергия артып барады
Алматылықтар аллергия басталғанына шағымданып жатыр: бұған қандай ағаштың тозаңы әсер етеді?
“Қайда көшу керек?“: Қазақстан мен әлемде аллергия қалай жаңа эпидемияға айналды?















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *