Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Эбола өршіді: вирустан көз жұмғандар саны 2000-нан асты

0

Конго Демократиялық Республикасында (КДР) Эбола безгегінің өршуі салдарынан 4 381 адам вирусты жұқтырған. Оның 2 011-і көз жұмды. Бұл туралы сейсенбі күні африкалық мемлекеттің билігі хабарлады, деп хабарлайды TengriHealth Euronews-ке сілтеме жасап.

Құрбандар саны бойынша қазіргі індет КДР-дағы 3 500 науқастың 2 300-ге жуығы қаза тапқан ең жойқын Эбола эпидемиясына (2018-2020 жылдар) жақындап қалды.

Қарулы қақтығыстар толастамай тұрған елдің шығыс және солтүстік-шығыс аймақтарын жайлаған эпидемия туралы 15 мамырда ресми түрде жарияланды, бірақ вирус ол уақытқа дейін бірнеше апта бойы таралып үлгерген деген болжам бар.

Бұл - КДР-дағы аса жұқпалы аурудың осымен 17-ші рет тіркелуі. Ол инфекция жұқтырғандар саны бойынша ел тарихындағы ең ірі індет болып саналады және барлық уақыттағы ең үлкен індетке айналуы әбден мүмкін.

Конгоның денсаулық сақтау органдарының бағалауынша, қазіргі індет кезіндегі өлім-жітім көрсеткіші 45,9 пайызды құрайды.

Гуманитарлық ұйымдардың өкілдері безгектің таралуы белең алып тұрғанын атап өттіү

Көптеген медицина қызметкері індет жарияланған сәттен бастап атқарған жұмыстары үшін төлемдердің жоқтығына наразылық білдіріп, ереуілге шықты.

Эбола биологиялық сұйықтықтармен жанасу арқылы беріледі және геморрагиялық безгекті тудырады. Вирус алғаш рет 1976 жылы қазіргі Конго Демократиялық Республикасы аумағындағы Эбола өзенінің маңында анықталған.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *