Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

МӘМС-тен бір қазақстандыққа қанша ақша жұмсалады және бұл қызметтерді қалай тексеруге болады?

0
2025 жылы сақтандырылған бір қазақстандықтың медициналық көмегіне орта есеппен 102,6 мың теңге жұмсалды - бұл бес жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп. Пациенттер қорға қанша қаражат аударады және олар өздеріне көрсетілген қызметтердің құнын біле ала ма, бұл сұрақтардың жауабын Tengri Health тілшісі анықтап көрді.
МӘМС бір сақтандырылған адамға қанша қаражат жұмсайды,Біз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) ресми сауал жолдап, бір жылда сақтандырылған бір қазақстандыққа медициналық көмек көрсетуге орта есеппен қанша қаражат жұмсалатынын білдік.Қордағылар МӘМС - ынтымақты жүйе екенін атап өтті. Бұл дегеніміз, қаражат нақты бір сақтандырылған адамға бекітілмейді. Сондықтан төменде келтірілген сандар - бір сақтандырылған адамға шаққандағы медициналық көмек шығындарының орташа көрсеткіші.ӘМСҚ мәліметтеріне сүйенсек, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш өскен:

2020 жылы бір сақтандырылған адамға шаққандағы медициналық көмектің орташа құны жылына 40,2 мың теңгені құрады.2021 жылы - 66,3 мың теңге.2022 және 2023 жылдары - 85 мың теңге.2024 жылы - 97,9 мың теңге.2025 жылы - 102,6 мың теңге.

МӘМС қатысушысы орта есеппен қанша төлейді?
МӘМС-тің бір қатысушысына шаққандағы жарналар мен аударымдардың орташа жылдық сомасы да өсті. Қор мәліметінше, ол келесідей болды:

2020 жылы - жылына 25,7 теңге.2021 жылы - 38,7 мың теңге.2022 жылы - 55,7 мың теңге.2023 жылы - 59,3 мың теңге.2024 жылы - 61,4 мың теңге.2025 жылы - 72,3 мың теңге.

Бұл ретте қор бұл қаражатты азаматтың медициналық көмекке арналған жеке жинағы деп санауға болмайтынын еске салды. Олар көмекке мұқтаж пациенттердің, соның ішінде ауыр және қымбат емді қажет ететін аурулары бар жандардың емін төлеуге жұмсалады.

"Сақтандырылған азаматтардың бір бөлігі жыл бойы медициналық көмекке жүгінбейді. Олардың жарналары мен аударымдары жинақталмайды, өйткені жүйеде жеке шоттар қарастырылмаған. Ақша МӘМС қаражатының ортақ пулына түседі", - деп түсіндірді қордағылар.

Қор қандай қызметтерді төлегенін қалай тексеруге болады?
Сақтандырылған қазақстандықтар қазірдің өзінде өз аттарына тіркелген медициналық қызметтер туралы ақпаратты тексере алады.
Мәліметтер келесі жерлерде қолжетімді:

eGov Mobile мобильді қосымшасындағы "eDensaulyq" бөлімінде,eGov.kz веб-порталындағы "Медицина" бөлімінде,сондай-ақ медициналық ақпараттық жүйелердің мобильді қосымшаларында.

Ақпаратты қордың арналары арқылы да тексеруге болады: @SaqtandyryBot Telegram-боты, msqory.kz ресми сайты және Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы.eGov Mobile арқылы қызметтерді қалай тексеруге болады?
Тілші eGov Mobile қосымшасы арқылы өз атына тіркелген медициналық қызметтер туралы ақпаратты тексеріп көрді.Іс-қимыл алгоритмі:

eGov Mobile қосымшасын ашып, экранның төменгі бөлігіндегі "Сервистер" бөліміне өтіңіз. "eDensaulyq" тармағын таңдаңыз.
"Танымал бөлімдер" ішінен "Жолданған және көрсетілген КДҚ (клиникалық-диагностикалық қызметтер)" тармағын тауып, "Алынған қызметтер" қосымша бетін таңдаңыз.
Ақпаратты тексергіңіз келетін кезеңді көрсетіп, іздеу үшін лупа белгішесін басыңыз.
Осыдан кейін қосымша тіркелген медициналық қызметтердің тізімін көрсетеді.Әрбір қызметтің картасынан толық ақпаратты көруге болады: қандай көмек көрсетілді, ол қашан және қай жерде алынды, пациентті кім жолдады, қаржыландыру көзі, жүгіну себебі және қызметтің құны.

Фото: Tengrinews.kz
Емдеу құнын қай жерден көруге болады?ӘМСҚ ақпаратынша, әзірге пациент әр қызмет бойынша толық қаржылық ақпаратты әрдайым көре алмайды. Қор толығырақ мәліметтер көрсетілетін жеке сервис әзірлеп жатыр.
Оны eGov Mobile және және қордың мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте қолжетімді ету жоспарланған.
Ол енгізілгеннен кейін пациент мыналарды көре алады:

оның атына нақты қандай медициналық қызмет тіркелгенін,ол қай ұйымда көрсетілгенін,келу күні мен уақытын,сондай-ақ қызметтің теңгемен есептелген құнын.


"Бұл – жүйенің ашықтығын арттыру және қаражаттың пайдаланылуын бақылау элементтерінің бірі", - деп хабарланды сауалға берілген жауапта.

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмекті тексерудің жаңа тәсілі пайда болды














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *