Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматы мен өңірлердегі блэкаут: Энергетика министрлігі себебін атады

0

Қазақстанның Энергетика министрлігі Алматының бірнеше ауданында жарықтың сөнуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Энергетика министрлігінің түсіндіруінше, 2026 жылғы 14 тамызда еліміздің энергия жүйесінде Орталық Азия энергия жүйесі тарапынан электр энергиясы ағынының күрт өзгеруіне байланысты қуаттың шектен тыс артуы болды.
Осыған байланысты апатқа қарсы автоматика іске қосылып, соның салдарынан бірқатар өңірдегі тұтынушылардың бір бөлігі электр қуатынан уақытша ажыратылды.

"Қазіргі уақытта "KEGOC" АҚ жүйелік операторы қажетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, бірқатар өңірде электр энергиясы беріле бастады", - деп атап өтті ведомство.

Қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы қосымша ақпаратты кейінірек ұсынуға уәде берді.
Не болды?
Бүгін сағат 14:30 шамасында Алматының бірнеше ауданының тұрғындары электр жарығының сөнгенін хабарлады. Қалада Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарындағы тұтынушылардың жарықсыз қалғаны ресми түрде расталды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Алматыда жаппай жарықтың сөнуіне "KEGOC" АҚ-на тиесілі 500 кВ магистральдық электр желілерінің апаттық жағдайда ажырауы себеп болған.
Қалада байланыс нашарлап, жол қозғалысы қиындады, бағдаршамдар жұмыс істемей тұр. "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ қазіргі уақытта мамандар электр қуатын қалпына келтіру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатқанын хабарлады.
Сонымен қатар Алматы тұрғындарына электр энергиясының сөнуінен кейін су беруде де іркілістер болуы мүмкін екені ескертілді.
Жарықтың сөнуіне байланысты тұрғындар қалалық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайдың да жұмысында қиындықтар туындағанын хабарлады.
Істемей тұрған бағдаршамдар мен байланыстағы іркіліс: жарық өшкеннен кейін Алматыда не болып жатыр?















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *