Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыдағы блэкауттан кейін Sergek-тен айыппұлдар келе ме: компания жауабы

0
Алматыда жарық жаппай өшкеннен кейін бағдаршамдар да істен шығып, полицейлерге маңызды қиылыстардағы қозғалысты қолмен реттеуге тура келді.
Көптеген жүргізушіні орынды сұрақ мазалады: бұл уақытта Sergek жүйесінің камералары жұмыс істеп тұрды ма және электр қуаты өшкен кезде жасалған ережебұзушылықтар үшін айыппұл келе ме? Бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін Tengrinews.kz-ке компания өкілдері айтып берді.
"Сергек" жүйесі жұмыс істеді ме?
Кешендердің бір бөлігі электр энергиясы толық өшкен жағдайда да жұмысын жалғастырғаны белгілі болды.

"Sergek аппараттық-бағдарламалық кешендерінің қоректену жүйелері әртүрлі: бір бөлігі қалалық электр желісіне қосылса, енді бірі автономды қуат көздерімен жабдықталған. Сондықтан электр қуаты өшкен кезде кейбір кешендер штаттық режимде жұмысын жалғастыра берді", – деп түсіндірді Sergek Group коммуникациялар департаменті.

Ережебұзушылықтарды қалай тіркелді?
Компания блэкаут кезіндегі камералар жұмысының екі негізгі сценарийін талдап берді.

Қызыл түске өту және тоқтау сызығын басу. Егер қиылыстағы бағдаршам сөніп қалса, "Сергек" мұндай ережебұзушылықтарды тіркемейді. Жүйе бағдаршам контроллерімен тікелей "байланысып", оның тоқтан ажыратылғаны туралы сигнал алады. Мұндай жағдайда қиылыстан өткені үшін айыппұл салынбайды.
Жылдамдықты асыру және өзге де ережебұзушылықтар. Ал бос жолда жылдамдықты шамадан тыс асыру мүмкін болмайды. Автономды қуат көзіне ауысқан кешендер жылдамдық режимін асыруды және өзге де жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркей берген.

Компания жүргізушілерді электр желісіндегі ақауға сенбей, көшеде бағдаршамдар уақытша сөніп тұрса да, жол қозғалысы ережелерін әрдайым сақтауға шақырды.
Алматыда не болды?
14 тамызда сағат 15:00 шамасында қаланың түрлі ауданында жарық өшіп қалды, көп ұзамай Алматы облысының тұрғындары да электр қуатындағы іркілістер туралы хабарлай бастады.
Энергетика министрлігі энергожүйеде "қуаттың күрт артуы" – Орталық Азияның энергожүйесі тарапынан электр энергиясы ағынының күрт өзгеруі болғанын түсіндірді. Осыған байланысты апатқа қарсы автоматика іске қосылып, бірнеше өңірдегі тұтынушылардың бір бөлігі желіден уақытша ажыратылды.
Бұл Алматы үшін ауыр зардапқа әкелді. Бағдаршамдар сөніп, қалада бірден кептеліс болды. Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, реттеушілер қиылыстарға шықты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

TengriNews | Қазақстан жаңалықтары (@tengrinewskz) жарияланымы


Қалада метро тоқтап, жолаушыларды эвакуациялауға тура келді, адамдар Шымбұлақтың аспалы жолында, сондай-ақ ғимарат жеделсатыларында қалып қойды. Мәселен, қала тұрғындарының бірі жеделсатыда екі сағатқа жуық қамалып қалған.
Үш сағаттан соң Алматының түрлі ауданында жарық біртіндеп беріле бастады.














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *