Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Тоқаев Конго Республикасының президенті мен Лихтенштейн ханзадасына құттықтау жолдады

0

Қазақстан Президенті Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны және оның отандастарын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тоқаев Қазақстанның Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Ол бірлескен күш-жігердің арқасында қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.Мемлекет басшысы Дени Сассу-Нгессоның жауапты қызметіне табыс, ал достас конго халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.
Конго Республикасының Тәуелсіздік күні жыл сайын 15 тамызда атап өтіледі. 1960 жылдың дәл осы күні ел Франциядан ресми түрде тәуелсіздігін жариялап, отаршылдық дәуірін аяқтаған болатын.
akorda.kz
Соынмен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Лихтенштейннің тақ мұрагері Алоизді Лихтенштейн Князьдігінің Ұлттық күнімен құттықтады.

"Қазақстан Лихтенштейнмен көп жылғы достық қарым-қатынасты және өзара құрметті жоғары бағалайды. Тиімді ынтымақтастығымыз екі ел халықтарының игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев тақ мұрагері Алоиздің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Князьдік халқына бақ-береке тіледі.
depositphotos.com















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *