Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Шасси 0“: Ferrari аукционда 40 миллион долларға сатылды

0

Ferrari компаниясы Luce бағдарламасының алғашқы сериялық автокөлігін RM Sothebys қайырымдылық аукционында 40 миллион долларға сатты, деп хабарлайды Tengri Auto.

Ferrari Luce деп аталатын көлік "Шасси 0" мәртебесіне ие болып, жаңа бағдарламаның алғашқы сериялық шассиіне айналды. Сатылымнан түскен барлық қаражатты компания білім беру бастамаларын қолдау үшін Ferrari қорына аударады.

Фото: rmsothebys.com

Көлік Ferrari Tailor Made бағдарламасы аясында жасалған. Бұл бағдарлама иелеріне компания дизайнерлерімен бірге автомобильдің дизайнын дербес таңдауға мүмкіндік береді.

Luce үшін арнайы Madreperla атты жартылай жылтыр түс әзірленді. Жарық пен көру бұрышына байланысты жабынның реңкі жасылдан күлгінге дейін өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар шанағы күңгірт және жылтыр элементтерді үйлестіре отырып, маржан әсерін сақтайды.

Фото: rmsothebys.com

Салонды әрлеу үшін швейцариялық теріден жасалған металл реңкті Perla Le Mans былғарысы пайдаланылды. Мұндай конфигурацияда алғаш рет қосымша элементтер дәстүрлі қара түстің орнына Grigio Corvara сұр түсіне ие болды.

Автокөліктің сыртқы келбеті арнайы дөңгелектермен, тежегіш суппорттарымен және ақ фондағы Ferrari логотипімен толықтырылды.

Компания бұл дананы Tailor Made бағдарламасының ең маңызды автомобильдерінің бірі деп атайды. Ferrari бұл көлікте түс пен материалдармен жүргізілген эксперименттік жұмысты қолмен әрлеу шеберлігімен ұштастырған.

Автокөлікке "Шасси 0" деген белгісі бар естелік тақтайша орнатылды. Оның сатылымынан түскен барлық 40 миллион доллар Ferrari қорының білім беру жобаларына жұмсалады.

Ferrari Luce туралы не белгілі?

Бұл - Ferrari-дің бес жыл бойы әзірлеген алғашқы электркары. Ол төрт электр моторымен (әр дөңгелекке біреуден) жабдықталған, олардың жалпы қуаты 1035 ат күшін құрайды. Бұл көрсеткіш көліктің сағатына 100 шақырымға дейін 2,5 секундта жылдамдық алуына мүмкіндік береді.

Батареясы - 122 киловатт-сағат, жүру қоры - 530 шақырымға дейін. Ең жоғары жылдамдығы сағатына 312 шақырымға жетеді.

Алайда алғашқы электрмобильдің дизайны марка жанкүйерлерінің наразылығын тудырды. Оған қарамастан, Luce моделі Қытайда таңқаларлықтай үлкен сұранысқа ие болды.

Beijing Business Today мәліметінше, Ferrari Beijing бұл модельге жаңа тапсырыстар қабылдауды жалғастырып жатыр. Сонымен қатар Қытай үшін бөлінген 88 автокөліктен тұратын алғашқы партия толығымен сатылып кеткен.

Тағы оқыңыз: "Менің ойыншықтарым": Криштиану Роналду қымбат көліктерін көрсетті















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *