Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Жұмысқа шығуын тоқтатқан тараздық 3,7 миллион теңгесінен айырылды

0

Тараз тұрғыны бірлескен қызмет туралы шарт жасасқаннан кейін жұмысқа шығуын тоқтатып, соңында компанияға 3,7 миллион теңге қарыз болып қалды. Тараптар дауды өз бетінше шеше алмай, іс сотқа дейін жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.
2025 жылдың сәуірінде "Б." ЖШС мен азамат Г. автокөлік жөндеу саласындағы бірлескен қызмет туралы шартқа отырды. Компания жұмыс істеу үшін үй-жай бөліп, жалпы құны 7,7 миллион теңге болатын құрал-саймандар мен жабдықтар сатып алып берген.
Ер адамның қосқан үлесі жүк көліктерін жөндеу жұмыстарын тікелей орындау болды. Шартқа сәйкес, пайда келесідей бөлінген: талап қоюшы мен жауапкер 40 пайыздан алса, қалған 20 пайызы жабдықтарды жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалды.

"Алайда кейінірек жауапкер жұмысқа шығуын тоқтатып, бір ай бұрын жазбаша хабарлама жібермеген. ЖШС оған болған бұзушылықтар туралы бірнеше рет ескерту жасап, кейін шартты бұзу туралы хабарлама жолдады. Жауапкер хабарламаларды алғанын жоққа шығармады", - деп хабарлады соттағылар.

Осыдан кейін ЖШС сотқа жүгініп, одан компания сатып алған мүлік құнының 50 пайызын өндіріп алуды талап етті.
Ер адам талап арызды мойындамады. Ол жасалған келісімді еңбек шарты деп есептегенін түсіндірді. Сонымен қатар ол келісімге қол қою және пайданың 40 пайызын алу фактісін растады.
Сот тараптар арасында еңбек шарты жасалмағанын анықтады. Бұл ретте ер адамның бірлескен қызметке шынымен қатысып, келісімде қарастырылған пайда үлесін алып отырғаны дәлелденді.
Сот шарттың бұзылуы жауапкердің міндеттемелерді өрескел бұзуы салдарынан болды деген қорытындыға келді. Бұл ретте тараптар мұндай жағдайдың салдарын алдын ала келісіп алған: ер адам компания сатып алған мүлік құнының 50 пайызын ЖШС-не төлеуі тиіс болған.
Нәтижесінде Тараз қалалық соты жауапкерден ЖШС пайдасына 3,7 миллион теңге, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын өндіріп алды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *