Алматыда Әшімов көшесінде қозғалыс шектеледі
Алматыда түнде Әшімов көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.26 тамыздан 1 қыркүйекке дейін Құлыбеков көшесінен Машан көшесіне дейінгі учаскеде күн сайын сағат 00:00-ден 05:00-ге дейін көлік қозғалысы жабылады.
Шектеулер Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.
Фото: Almaty_Joly
Жұмыстар тек түнде жүргізіледі. Күндіз бұл учаске көлік қозғалысы үшін ашық болады. Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлау сұралады.
Естеріңізге сала кетейік, аталған учаске 24 шілде сағат 23:00-ден 26 шілде сағат 15:00-ге дейін жабылған болатын. Шектеулер де Төле би көшесін ұзарту жұмыстарына байланысты болған еді.
Алматыдағы көлік қозғалысына қатысты шектеулер17 шілдеден 30 тамызға дейін Бекешева көшесінде, Әбділдин көшесінен Белжайлау көшесіне дейін кәріз құбырларының құрылысына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
