Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

6,9 миллиард доллар және 55 мың жұмыс орны: Alatau City қандай болады?

0

Alatau City-де жалпы құны шамамен 6,9 миллиард доллар болатын 67 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олар шамамен 55 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алатау қаласы кеңесінің отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Жиын барысында премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alatau City-ді ел үшін стратегиялық маңызы бар жоба ретінде айқындағанын атап өтті.

Инвестициялар және жаңа жобалар
Alatau City Authority бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, қаланың инвестициялық пулы қазіргі уақытта жалпы құны 6,9 миллиард доллар болатын 67 жобаны қамтиды. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 55 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.
PepsiCo және Sunny Paper жобалары қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ Mars Petcare KZ, Griffin Logopark, "ДанаФлекс" және G-Trans Service сияқты ірі өндірістік және логистикалық нысандардың құрылысы басталды.
Жаңа қаланың ірі жобаларының бірі - Iconic Complex құрылысына дайындық жүріп жатыр. KIND K-Smart Town жобасын іске асыру жалғасып жатыр.
Сонымен қатар 330 гектар аумақты кешенді дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Нысандардың жалпы ауданы 5,3 миллион шаршы метр болады. Мастер-жоспар мен техникалық-экономикалық негіздемені 2026 жылдың аяғына дейін бітіру қарастырылған.
Қандай жобаларды тарту көзделіп отыр?
Инвестицияларды одан әрі тарту аясында бірқатар жаңа ірі жоба пысықталып жатыр. Қарастырылып жатқан жобалар қатарында Full Vision Capital компаниясының тұрақты авиациялық отын және жасыл энергетика өндірісі, KAIST ғылыми институтының филиалын ашу, CIMC-тің логистика, деректерді өңдеу және цифрлық инфрақұрылым саласындағы жобалары, сондай-ақ Sinomach жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік кешені бар.
Сондай-ақ қазақ-корей инвестициялық қорын құру, Hyundai Green Food өндірістік-логистикалық кешенін салу және Iconic Tower жобасына Lotte Hotels & Resorts брендін тарту туралы жекелеген уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Бұдан бөлек Doosan Enerbility компаниясымен энергетика саласында, Korea Airports Corporation-мен қалалық әуе мобильділігі саласында, ал Hyundai Motor Company-мен смарт-мобильділік және сутегі технологияларын дамыту бойынша ынтымақтастық орнату көзделген.
Alatau Crypto City
Alatau Crypto City-ді дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақстан Ұлттық банкімен бірлесіп Tokenization by Default тұжырымдамасы дайындалды.
Токенизация жобаларына қатысуға 43 халықаралық және қазақстандық компания қызығушылық танытты. 2026 жылдың аяғына дейін жалпы көлемі 10 миллион долларға дейінгі токенизация жобаларын іске қосу жоспарланған.
Жолдар мен инфрақұрылым
Alatau City-де 26 инфрақұрылымдық жоба қарастырылған.
Электрмен жабдықтау саласында Көкпа-1 қосалқы станциясын жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бір бөлігі аяқталу сатысында, қалғандары бойынша мердігерлер анықталды.
Жол инфрақұрылымы аясында 61,2 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізу және 15 шақырым жаңа автокөлік жолын салу көзделген.
Инженерлік желілер, көлік, әлеуметтік және цифрлық инфрақұрылым озық қарқынмен қалыптастырылады. Оларды қаржыландыру үшін бюджет қаражатын, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін, сондай-ақ жеке және квазимемлекеттік инвестицияларды пайдалану көзделіп отыр.
2040 және 2055 жылдарға дейінгі жоспарлар
2026 жылдың аяғына дейін бизнесті дамыту, цифрлық активтер және басқа да бағыттарды реттейтін құжаттар топтамасын қабылдау жоспарланған. Сондай-ақ Alatau City-ді 2040 жылға дейін дамытудың стратегиялық мастер-жоспары және 2055 жылға дейінгі ұзақмерзімді жоспары әзірленіп жатыр. Бұл жұмысқа ARUP Group және BCG халықаралық компаниялары тартылды.
Отырыс қорытындысы бойынша Олжас Бектенов жобаларды нақты жүзеге асыруды және Alatau City-ді дамытудың негізгі бағыттары бойынша белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Тағы оқыңыз: Цифрлық сыңар және Кореядағыдай ақылды аудан: Alatau City-ге қатысты жаңа мәлімет пайда болды















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *