Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Құрылтай депутаттары куәліктер мен төсбелгілер алды

0
Орталық сайлау комиссиясы жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарын тіркеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Құрылтай депутаттарына куәліктер мен төсбелгілер табыс етілді.
Сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға бес саяси партия өтті өтті. Олардың арасында мандаттар келесідей бөлінді:

"Әділет" партиясы – 110 мандат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10 мандат;"Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 8 мандат;
Respublica партиясы – 9 мандат.

Тағы оқыңыз: Қазақстан Құрылтайына кімдер кірді: толық тізімҚазақстанда бірпалаталы Парламент1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция қолданысқа енді. Ол қабылданғаннан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттық өкілеттіктері де доғарылды. Екіпалаталы Парламенттің орнына бірпалаталы Құрылтай келді. Оның құрамына бес жылға сайланатын 145 депутат кіреді.
Бірпалаталы парламенттің жұмыс принципі шамамен мынадай:

Депутаттар заңдарды қарайды және қабылдайды – заң жобаларын талқылайды, түзетулер енгізеді және оларға дауыс береді.Үкімет жұмысын бақылайды – мемлекеттік органдардан ақпарат сұрата алады және үкімет мүшелерінің есебін тыңдайды.
Конституцияда және заңдарда көзделген маңызды шешімдерді бекітеді.
Депутаттар комитеттерде жұмыс істейді. Онда заң жобалары алдымен егжей-тегжейлі қаралып, содан кейін жалпы отырысқа шығарылады.
Заң қабылданғаннан кейін ол тиісті рәсімдерден өтіп, соңында Президентке қол қоюға жіберіледі.


Екіпалаталы парламенттен негізгі айырмашылығы - мұнда бір заңды кезек-кезек қарайтын екі бөлек палата болмайды. Депутаттардың бірыңғай құрамы - Құрылтай бар.

23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтті. Бұл 1991 жылдан бері елімізде өткен оныншы парламенттік сайлау және конституциялық реформадан кейінгі алғашқы науқан болды. Дауыс берудің 25 тамыздағы жағдай бойынша қорытынды нәтижелерін мына жерден оқуға болады.
Тағы оқыңыз: Қазақстан Құрылтайына кімдер кірді: толық тізім














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *