Алматыда Абылай хан даңғылында көлік қозғалысы шектелді
Алматыда LRT жобасын іске асыру мақсатында Абылай хан көшесі жабылды, - деп хабарлайды Tengri Auto.Әкімдік мәліметінше, Абылай хан даңғылының Гоголь мен Мақатаев көшелерінің аралығындағы бөлігінде инженерлік желілерді қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жұмыстарды аяқтап, көлік қозғалысын 29 тамыз сағат 7:00-де ашу жоспарланған.
Алматыдағы көлік қозғалысына қатысты шектеулер17 шілдеден 30 тамызға дейін Бекешев көшесінің Әбілдин көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Себебі - кәріз коллекторының құрылысы.26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында қозғалыс күн сайын сағат 00:00-ден 5:00-ге дейін Құлыбеков көшесінен Машан көшесіне дейінгі учаскеде жабылады.24 тамыз сағат 21:00-ден 1 қыркүйекке дейін Абай даңғылының Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс шектеледі.
