Добавить новость
smi24.net
World News
Август
2026

Алматыдағы Байзақов көшесінде жылу желілерін ауыстыруға байланысты қозғалыс шектеледі

0

Алматыда 31 тамыздан бастап жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешеніне инженерлік желілер тарту жұмыстары басталады. Жөндеу жұмыстарына байланысты Байзақов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Жұмыстар 14 қыркүйекке дейін Байзақов көшесінің Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі аралығында жүргізіледі. Бұл жерде жылу, су құбыры және су бұру желілері тартылады.

Фото: Алматы әкімдігі

Жылу желілері Жамбыл көшесі, 168а мекенжайындағы қосылу нүктесінен салынып жатқан ғимаратқа дейін жүргізіледі. Ал су құбыры мен су бұру желілері Байзақов көшесі, 232 мекенжайындағы қосылу нүктесінен тартылады.

Сондай-ақ, кәріз желілерін монтаждау және аумақты абаттандыру жұмыстары қарастырылған.

Жұмыстарды 18 қыркүйекке дейін толық аяқтау жоспарланған. Жүргізушілерден шектеулерді алдын ала ескеріп, бағыттарын уақытша өзгерістерге сай жоспарлау сұралады.

Алматыдағы көлік қозғалысына қатысты шектеулер

26 тамыздан 29 тамыз сағат 7:00-ге дейін Абылай хан даңғылының Гоголь мен Мақатаев көшелері аралығындағы учаскеде қозғалыс шектеледі.

17 шілдеден 30 тамызға дейін Бөкешев көшесінің Әбілдин көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Себебі - кәріз коллекторының құрылысы.

24 тамыз сағат 21:00-ден 1 қыркүйекке дейін Абай даңғылының Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс шектеледі.

27 тамыз сағат 22:00-ден 30 тамыз сағат 6:00-ге дейін Жандосов көшесінің қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс шектелді.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *