Добавить новость
smi24.net
World News
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда кімдерді жұмыстан жайдан-жай шығаруға болмайды?

0

Қазақстанда зейнеткерлік жас алдындағы қызметкерлер қысқартуға ілігуі мүмкін, бірақ зейнетке шығуына екі жылдан аз уақыт қалғандар үшін арнайы қорғау шаралары қарастырылған. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Ерлан Исмағұлов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Исмағұловтың айтуынша, зейнеталды жастағы қызметкерлерді қысқартуға байланысты жұмыстан шығару - жиі кездесетін мәселелердің бірі. Бұл ретте жас мөлшері адамды қысқартудан толық қорғауға кепілдік бермейді.

"Қызметкердің зейнеталды жаста болу фактісі қысқартуға мүлдем тыйым салынатынын білдірмейді. Дегенмен жұмыс беруші Еңбек кодексінде қарастырылған рәсімдерді қатаң сақтауға міндетті", - деп түсіндірді ол.

Зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан аз уақыт қалғандарға ерекше кепілдік қарастырылған.

"Жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің тең санынан құралған комиссияның оң шешімінсіз, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына, сондай-ақ біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты еңбек шартын бұзуға жол берілмейді", - деді Исмағұлов.

Департамент басшысы Еңбек кодексінің 6-бабында еңбек саласында жас мөлшері бойынша кемсітушілікке тыйым салынғанын еске салды. Жас мөлшері жұмыс берушінің қызметкерді өз міндеттерін атқаруға қабілетсіз деп санауына негіз бола алмайды.

"Зейнеталды жасты зейнеткерлік жаспен теңестіруге болмайды. Зейнет жасының жақындауы жұмыс берушіге еңбек шартын тоқтатуға құқық бермейді", - деді ол.

Егер қызметкер жұмыстан босатуды заңсыз деп санаса немесе өзге де еңбек құқықтарының бұзылуына тап болса, мемлекеттік еңбек инспекциясына жазбаша арызбен жүгіне алады.
Жұмыс және жас мөлшері
Бұған дейін 40 жастан кейін жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болатын қазақстандықтар туралы жазған едік. HR-сарапшылардың айтуынша, жұмыс берушілер бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларда жас шектеуін ашық көрсетуді тоқтатқанымен, түйіндемені қарау немесе сұхбатқа шақыру кезінде жасырын сүзгі қолданылуы мүмкін.
Сарапшылар Еңбек кодексінің 53-бабында зейнетке шығуына екі жылдан аз уақыт қалған қызметкерлерді арнайы қорғау қарастырылғанын атап өтті: оларды қысқарту кезінде арнайы комиссияның оң шешімі талап етіледі.
Бұл ретте зейнеткерлік жасқа толу адамның жұмысын міндетті түрде тоқтатуы керек дегенді білдірмейді. Еңбек министрлігі бұған дейін зейнеткермен жасалған еңбек шарты, қызметкер жұмысқа қабілеттілігі мен қажетті біліктілігін сақтаса, жыл сайын шектеусіз ұзартыла беретінін түсіндірген.
Тағы оқыңыз: “Сұраныс азайды“. Қазақстанда жас ұлғайған сайын жұмыс табу қиындай ма?















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *