Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда жиілеген өрттерден кейін қауіпті тұрғын үйлер тексеріледі

0

Қазақстанның ірі қалаларына ауылдан нәпақа іздеп келген жандар көбіне қолайлылығы төмен, арзан баспана жалдайды. Мұндай жайлар өрт қаупін тудыруы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет басшысының айтуынша, мұндай орындардың кейбірі апатты жағдайда тұр. Осыған байланысты Бектенов әкімдіктерге Ішкі істер министрлігімен және Төтенше жағдайлар органдарымен бірлесіп, мұндай тұрғын жайларды ерекше бақылауға алуды тапсырды.

"Мәселен, тек елорданың өзінде осындай 860 нысан есепте тұр. Өткен қыста оларда 30-ға жуық өрт болды. Өрттің негізгі себептері - электр сымдарының қысқа тұйықталуы, отқа ұқыпсыз қарау және өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау", - деді Бектенов.

Премьер-министр тұрақты түрде рейдтер жүргізуді, өрт шығу қаупі бар орындарды анықтауды және жедел шаралар қабылдауды тапсырды.
Бұған дейін Астанада 16 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Өрт үйдің 7-қабатында болды, ғимарат ішінде қою түтін байқалған.













Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *