Жауын-шашын, жел: 11 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Тек еліміздің батысында ғана күн райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 1 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында болады.
Алматы - күн бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей кездері екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-7 градус жылы, күндіз одан ары төмендейді. Іле Алатауы тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, кей кездері екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында болады, күндіз одан ары төмендейді.
Шымкент - күн бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-7 градус жылы, күндіз одан ары төмендейді.
Ақмола облысы - күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, күндіз 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында болады. Көкшетау - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 1 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында болады. Алматы облысы - жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-10 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында болады. Қонаев - күн бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, түнде кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, кей кездері екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-7 градус жылы, күндіз одан ары төмендейді. Жетісу облысы - жауын-шашын болады, облыстың орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, кейін солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20 метр, екпіні 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-10 градус, облыстың таулы аудандарында 2 градус жылы болады. Талдықорған - күн бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жел солтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 6-8 градус жылы болады.
Түркістан облысы - облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, тау бөктеріндегі және таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында 15-20, екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-7 жылы, облыстың таулы аудандарында 1 градус аяз болады. Түркістан - күн бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 4-6 жылы, күндіз одан ары төмендейді. Батыс Қазақстан облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз 4-9 жылы. Орал - күн бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 4-6 жылы. Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 3 аяз бен 2 жылы аралығында, күндіз 4-9 жылы болады. Атырау - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 5-7 жылы. Маңғыстау облысы - түнде облыстың батысында, орталығында аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың солтүстік-шығысында 3 аяз, күндіз 7-12 жылы. Ақтау - күн құбылмалы бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 8-10 жылы. Ақтөбе облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-7 аяз, күндіз 1-6 жылы. Ақтөбе - күн бұлтты, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 аяз, күндіз 1-3 жылы. Қостанай облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 аяз, күндіз 0-5 жылы. Қостанай - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 1-3 жылы. Солтүстік Қазақстан облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 аяз, күндіз 1 градус аяз бен 4 жылы аралығында болады. Петропавл - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 0-2 жылы. Павлодар облысы - түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-7 аяз, күндіз 1 аяздан 4 жылыға дейін болады. Павлодар - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 аяз, күндіз 1-3 жылы. Қарағанды облысы - түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-7 аяз, облыстың оңтүстігінде 5 жылы, күндіз 0-5 жылы, облыстың солтүстігінде, шығысында 3 аяз, оңтүстігінде 8 жылы болады. Қарағанды - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 аяз, күндіз 0-2 жылы. Ұлытау облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 7-12, күндіз облыстың оңтүстігінде секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 аяз, облыстың оңтүстігінде 2 жылы, күндіз 0-5 жылы. Жезқазған - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 2-4 жылы. Шығыс Қазақстан облысы - жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-7 жылы, солтүстігінде, таулы аудандарда 2 аяз болады. Өскемен - күн бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 4-9 метр. Ауа температурасы күндіз және түнде 2-4 жылы. Абай облысы - жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-6 жылы, батысында, солтүстігінде, орталығында 3 аяз. Семей - күн бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 жылы. Қызылорда облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 аяз, облыстың шығысында 2 жылы, күндіз 0-5, облыстың шығысында 8 жылы. Қызылорда - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 3-5 жылы. Жамбыл облысы - жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда 15-20, екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 3-8 жылы, облыстың таулы аудандарында 2 аяз болады. Тараз - күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 6-8 жылы.
