Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

ІІМ электрмобильдерге арналған жасыл мемлекеттік нөмірлерді бекітті

0

Қазақстанда электрмобильдерге бөлек мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін енгізу жоспарланып отыр. ІІМ жеңіл және жүк электрмобильдерге, электр автобустар мен мотоциклдерге арналған нөмірлердің жаңа түрлерін қарастыратын өзгерістер әзірледі. Өңір белгіленген жасыл түсті бөлік оның басты ерекшелігі болмақ, деп хабарлайды Tengri Auto.

Өзгерістерге сәйкес жеке және заңды тұлғалардың электрмобильдеріне бөлек нөмір түрлері қарастырылған. Олар көлік санатына және нөмір қай жерге орнатылатынына қарай ерекшеленеді.

Сурет: ҚР ІІМ

Мәселен, жеңіл электркарларға алдыңғы және артқы нөмірлер, ал жүк электрмобильдері мен электр автобустарға бөлек нұсқалар қарастырылған. Сондай-ақ, электр мотоциклдер мен мотороллерлерге арнайы нөмірлер пайда болады.

Сурет: ҚР ІІМ

Жаңа белгілердің басты айырмашылығы оның түс гаммасы болады. Кәдімгі электрмобиль нөмірлерінің түсі ақ, ал өңір белгіленетін тұсы жасыл түсті болады. Сандар, әріптер және KZ белгісі қара түспен жазылады.

Ішкі істер органдарының арнайы және жедел қызметтерінің электрмобильдеріне бөлек үлгілер қарастырылған. Олардың түсі көк, өңір белгіленетін тұсы жасыл, ал нышандары ақ түсті болады.

Сурет: ҚР ІІМ

Өзгерістер дипломатиялық көліктерге де қатысты болады. Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер қызметкерлерінің, құрметті консулдардың қызметтік және жеке электрмобильдеріне, сондай-ақ, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың көліктеріне арналған мемлекеттік нөмірлердің жаңа үлгілері шығады.

Сурет: ҚР ІІМ

Бұл санаттарға бөлек түстер қарастырылған: дипломатиялық нөмірлерде қызыл түс және шетелдік көліктердің басқа да бірқатар санаттарына сары түс қолданылады. Бұл ретте өңір белгіленетін тұс жасыл болып қалады.

Сурет: ҚР ІІМ

№ 831 бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, нөмірлердің кейбір санаттарына қатысты өзгерістердің бір бөлігі құжат алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енуге тиіс.

Еске салайық, бұған дейін электрмобильдерге жасыл нөмір беру туралы ұсыныс мемлекеттік органдардың қолданыстағы арнайы нөмірлерімен шатасуы мүмкін деген себеппен қабылданбаған еді.

Оның орнына көлік нөмірлерін өзгертпей-ақ электрмобильдерді ажыратуға мүмкіндік беретін арнайы жапсырмалар жүйесі енгізілді.













Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *