Бұрынғы енесімен жанжалдасқан әйел сот алдында жауап берді
Жамбыл облысының Сарысу аудандық соты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасау дерегі бойынша әкімшілік істі қарады. Іс келін мен бұрынғы ене арасындағы жанжалға қатысты болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот аудан тұрғындары 2026 жылғы қазанда өзара жанжалдасып қалғанын анықтады.
"Жанжал барысында әйел оның атына былапыт сөйлеп, құрметтемеушілік танытып, жәбірленушінің тыныштығын бұзған", - деп хабарлады сот.
Әйел кінәсін мойындап, жанжал өзара түсініспеушіліктен туындағанын, нәтижесінде бұрынғы енесі екеуі бір-біріне былапыт сөздер айтқанын түсіндірді. Ал енесі оны кешіретінін айтты.
Сот бұрынғы келінді кінәлі деп танып, оған ескерту жариялады. Қаулы заңды күшіне енді.
