Алматыда екі ер адам өздерін алдаған түнгі көбелектің үстінен полицияға арызданды
Жәбірленушілердің айтуынша, олар интернет арқылы интимдік қызмет көрсету туралы хабарландыру тауып, қызбен кездесуге келіскен.
Кездесу қонақүйлердің бірінде өткен. Келісілген соманы алған қыз біраз уақытқа шығып келетінін айтып, күте тұруды өтінген. Бірақ ол қайтып оралмаған.
Ер адамдар оны өз бетінше іздестіре бастап, көп ұзамай қызды шағын азық-түлік дүкендерінің бірінен тауып алған. Содан кейін олар полицияға жүгінген.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, әр тараптың әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)
