Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Жақыпов ұсталды, міндетін атқарушы әлі тағайындалмады: “Самұрық-Қазынада“ не болып жатыр?

0

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталғанына қатысты жауап берді. Қор құқық қорғау органдарына жәрдемдесіп жатқанын хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.
Қордың баспасөз қызметі уәкілетті органдар тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Қор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қажетті өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып және сұратылған ақпарат пен материалдарды ұсына отырып, құқық қорғау органдарына жан-жақты көмек көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ қордағылар басқарма төрағасының міндетін атқарушы әлі тағайындалмағанын нақтылады.
Еске сала кетейік: бұған дейін ҰҚК "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы басшысының Елжас Отыншиевті , сондай-ақ басқа да тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растаған болатын.
Бұған дейін "Самұрық-Қазынаның" баспасөз қызметі ұстау туралы ақпаратты растамаған да, теріске де шығармаған еді. Ол кезде қордағылар пікір білдіруден қалыс қалатынын және бұл шешім уәкілетті органдардан ресми ақпарат алғанға дейін әрі болған жағдайдың мән-жайы анықталғанша күшінде болатынын хабарлады.
"Самұрық-Қазына" - елдің ірі стратегиялық кәсіпорындарын басқаратын Қазақстанның мемлекеттік әл-ауқат қоры. Оның құрылымына экономиканың негізгі салаларының активтері кіреді.
Ол азаматтардың мүддесі үшін ұлттық экономиканың негізгі активтеріне иелік ететін және оларды басқаратын холдинг рөлін атқарады.
Қор құрамына "ҚазМұнайГаз", "Қазақстан темір жолы", "Қазатомөнеркәсіп", "Эйр Астана", "Қазақтелеком" және KEGOC сияқты мұнай-газ, көлік, энергетика және телекоммуникация салаларының ірі компаниялары кіреді.













Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *