Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

ҰҚК “Самұрық-Қазына“ басшысы Нұрлан Жақыпов ұсталғанын растады

0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҰҚК ресми сайтына сілтеме жасап.
ҰҚК ақпаратынша, 11 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Н. Жақыповты және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Е. Отыншиевті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен басқа да тұлғалар ұсталған.

"Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес және "Заң мен тәртіп" қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұған дейін "Самұрық-Қазына" баспасөз қызметінде ұстау туралы ақпаратты растамады, бірақ теріске де шығармады. Компания пікір білдіруден қалыс қалатынын және бұл шешім уәкілетті органдардан ресми ақпарат алғанға дейін әрі болған жағдайдың мән-жайы анықталғанша күшінде болатынын хабарлады.
"Самұрық-Қазына" - еліміздің ең ірі стратегиялық кәсіпорындарын басқару және олардың тиімділігін арттыру үшін құрылған Қазақстанның мемлекеттік әл-ауқат қоры.
Ол азаматтардың мүддесі үшін ұлттық экономиканың негізгі активтеріне иелік ететін және оларды басқаратын холдинг рөлін атқарады.
Қор құрамына "ҚазМұнайГаз", "Қазақстан темір жолы", "Қазатомөнеркәсіп", "Эйр Астана", "Қазақтелеком" және KEGOC сияқты мұнай-газ, көлік, энергетика және телекоммуникация салаларының ірі компаниялары кіреді.
Нұрлан Жақыпов "Самұрық-Қазына" қорын 2023 жылдың сәуір айынан бері басқарады.













Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *