Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Самұрық Қазына“ мен ҚТЖ басшылары ұсталды: Тоқаев мәлімдеме жасады

0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында "Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Кеше еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазақстан темір жолы" компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты. Ашығын айтқанда, бұл – мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай", - деді Мемлекет басшысы.

Президент заң бойынша тергеу мәселелерін жариялауға немесе ашып көрсетуге болмайтынын, оның үстіне тергеу жұмысы да енді басталғанын атап өтті.
"Алайда қазірдің өзінде мына нәрсені анық айтуға болады: бұл – біз "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасын жариялап, оны Конституциямызда мемлекеттік басқару мен қоғам өмірінің басты қағидаты ретінде бекіткелі бері біртұтас жүйеге кіретін мемлекеттік компанияларда болып тұрған сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы ірі іс.

Еліміздің Конституциясы 15 наурызда жалпыұлттық референдум кезінде бірауыздан қабылданды, 1 шілде күні заңды күшіне енді. Осылайша, мемлекетіміздің бас құжаты әділетті түрде "Халық Конституциясы" деп аталды. Конституцияның ережелері мен баптарын бұзуға, халқымыздың осы қасиетті құжатын келемеж жасауға, кемсітушілік көрсетуге ешкімнің де хақы жоқ", - деді Президент.


"Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ басшылығының ұсталуы
12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Елжас Отынышиевті және басқа да тұлғаларды ұстағанын ресми түрде растады.
ҰҚК ұсталғандар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке іліккенін хабарлады. Қазір істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мекеме Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сүйеніп, сотқа дейінгі тергеу барысы туралы өзге ақпаратты жария етпеді.
Айта кетейік, ҚТЖ басқарма төрағасы Елжас Отыншиев ұлттық компания басшысы қызметіне тағайындалғаннан кейін төрт айға жетпей ұсталды.
12 қарашада әлеуметтік желілерде Астанадағы Қонаев көшесінде орналасқан тұрғын үй кешені маңында шашылып жатқан долларлар бейнеленген видео тарады. Кадрлардан банкноттардың тұтас бумалары көрінеді.
Жарияланымдарда бұл ақша "Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуымен байланысты болуы мүмкін деген болжам айтылды. Сонымен қатар тінту кезінде ұсталғандар бірінің жұбайы ақша салынған сөмкелер мен чемодандарды пәтер терезесінен лақтырып жібергені туралы нұсқа тарап жатыр. Дегенмен, бұл ақпарат та, көшеден табылған купюралардың тергеуге қатысы бары да әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Сондай-ақ желіде “Самұрық-Қазына” және ҚТЖ басшылары ұсталған сәт болуы мүмкін кадрлар тарады.
Шұлық, көң, унитаз, аспаннан жауған долларлар: Қазақстанда лауазымды тұлғалар ұсталғандағы қызық оқиғалар
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!












Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *