Қазақстанда UFC турнирі өте ме? Келіссөздердің егжей-тегжейі айтылды
Басылым мәліметінше, 10 қарашада Алматыға UFC-дің ресми делегациясы келді. Америкалық ұйым алдымен Қазақстанда Zuffa Boxing бокс турнирін (UFC президенті Дана Уайт пен Турки Аль аш-Шейхтің бірлескен жобасы), ал кейін 2027 жылы толыққанды UFC турнирін өткізуді жоспарлап отырғаны хабарланды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Vesti.kz - Спортпен бірге бол ???????? (@vestikzsport) жарияланымы
Айта кетейік, бұған дейін UFC президенті әрі бас директоры Дана Уайт UFC 333 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында Қазақстандағы турнир жақын арада өтуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
"Өте жақын арада. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді Дана Уайт.
Қазақстанда UFC турнирі 6 жылдан аса уақыт бойы дайындалып жатыр
Еске сала кетейік, Қазақстандағы алғашқы UFC турнирі бастапқыда 2020 жылдың маусымына жоспарланған болатын. Сол кезде оны елордадағы "Астана Арена" стадионында өткізу көзделген еді, ал басты жекпе-жекте ресейлік Пётр Ян мен бразилиялық Марлон Мораес кездесуі тиіс болатын. Бұл ақпаратты Янның және көптеген қазақстандық спортшылардың мүддесін қорғайтын танымал менеджер Саят Әбдірахманов та растаған еді.
Алайда пандемия салдарынан бұл жоспарлардың барлығы іске аспай қалды: турнирлердің көбі тоқтатылып, кейін БАӘ мен АҚШ-қа ауыстырылып, көрерменсіз өткізілді.
#UFCKazakhstan has a ???? main event headed its way. Full story from @Farah_Hannoun: https://t.co/CojjbPQmjz https://t.co/I54cdPyjuQ
— MMA Junkie (@MMAJunkie) March 4, 2020
2024 жылы аралас жекпе-жек бойынша сарапшы Михаил Краймер Қазақстанда турнир өткізу үшін UFC-де елімізден чемпион шығуы керек екенін айтқан болатын. Сол кезде ол UFC-дің сырттағы турнирлерді нөмірленген (негізгі) етіп жасамайтынын, демек Қазақстанда титулдық жекпе-жек өткізу мүмкін емес екенін атап өткен еді.
Сонымен қатар 2025 жылдың мамыр айында OCTAGON қазақстандық аралас жекпе-жек лигасының президенті Нураддин Садықов UFC басшысы Дана Уайтпен елде турнир өткізу туралы келіссөздердің жүріп жатқанына біраз болғанын мәлімдеді.
Қазақстанда UFC турнирі қай жерде өтуі мүмкін?
Қазіргі уақытта Қазақстандағы ықтимал UFC турнирі үшін қай алаңның таңдалатыны белгісіз.
2020 жылы мұндай ауқымды шараны өткізу үшін елордалық "Астана Арена" таңдалатыны талқыланған болатын.
2025 жылдың қарашасында Алматы қаласының спорт басқармасы турнирге "Алматы Арена" қолайлы болады деп есептеді.
Біздің редакция осындай турнирді өткізу орны ретінде елорда таңдала ма, жоқ па деген сауалмен Алматы әкімдігіне сұраныс жолдады.
Қазіргі таңда UFC ростерінде Қазақстан атынан бес белсенді файтер өнер көрсетеді: Шавкат Рахмонов (жартылай орта салмақ), Асу Алмабаев (ең жеңіл салмақ), Николай Веретенников (жартылай орта салмақ), Дияр Нұрғожай (жартылай ауыр салмақ) және Әліби Ыдырыс (ең жеңіл салмақ).
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Shavkat Rakhmonov (@shavkatrakhmonov94) жарияланымы
Бұл ретте Әліби Ыдырыс допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 2027 жылдың ақпанына дейін 12 айлық дисквалификацияда болса да, ұйым құрамында тіркелген.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Alibi Idiris (@alibi_idiris) жарияланымы
Шавкат Рахмонов қарашадағы UFC турниріне қатыса ма: спортшының жағдайы туралы не белгілі?
