Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Жүргізушілер балаларды байқамай қалуы мүмкін: Астанада 80 қауіпті өткел анықталды

0

Астанада көріну жағдайы нашар 80 жаяу жүргінші өткелі анықталды. Тұраққа қойылған көліктер, қоршаулар мен ағаштарға байланысты жүргізушілер жолдан өтпек болған адамды байқамай қалуы мүмкін. Бұл әсіресе бойы кішкентай болғандықтан кез келген кедергі тасасында қалып қоятын балалар үшін қауіпті, деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда прокуратурасына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 2026 жылдың 10 айында Астанада 2 021 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апаттары салдарынан 2 343 адам жарақат алды, тағы 23 адам қаза тапты.

Прокуратура елордадағы жол жүрісін ұйымдастыруға талдау жасап, 80 жаяу жүргінші өткелінде заңсыздықты анықтады. Мұндай өткелдерде "көріну үшбұрышы" сақталмаған. Бұл – жүргізуші жаяу жүргіншіні, ал жаяу жүргінші көлікті алдын ала көре алатын бос аймақ.
Өткелдерді жасыл желектер, қоршаулар, тұраққа қойылған көліктер жауып тастаған. Прокуратураның бағалауынша, бұл әсіресе балалар үшін қауіпті: бойы аласа болғандықтан, балалар кез келген кедергінің тасасында қалып қоюы мүмкін.
Талдау нәтижесі бойынша прокуратура заңсыздықты жою туралы ұсыніс енгізді. Жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі жұмыс тобының жұмыс жоспары әзірленіп, әрбір тармақ бойынша нақты мерзімдер, жауапты органдар және күтілетін нәтиже айқындалды. Жоспарда қауіпті учаскелерді анықтау және тексеру, әрбір жол-көлік оқиғасын оқиға орнына шыға отырып міндетті түрде талдау, мектептер мен балабақшалар маңында қауіпсіз аймақтар құру, сондай-ақ қысқы кезеңдегі шаралар көзделген.
Қазір 14 учаскеде кемшіліктер жойылды. Бұдан бөлек тоғыз мектеп маңында жылдамдық сағатына 20 шақырымға дейін шектеді. Басқа білім беру ұйымдары маңында да жылдамдықты азайту жұмысы жалғасып жатыр, деп атап өтті елорда прокуратурасы.
Былтыр көктемде Астанада жүк көлігінің жүргізушісі бағдаршамның рұқсат беретін түсіне жолдан өтіп бара жатқан қыз баланы қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.













Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *