Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанның тағы бір өңірінде жол ережесін бұзғандарды дрондар бақылай бастады

0
Жамбыл облысында жол қозғалысы ережесін бұзғандар дрондардың көмегімен анықтала бастады, деп хабарлайды Tengri Auto.
Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшылары жол қозғалысын бақылау үшін дрондарды пайдаланып жатыр. Енді ереже бұзғандарды әуеден анықтауға болады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (@zhambyl_police) жариялаған жазба



"Дрондарды қолдану арқылы жүргізілген кезекті рейд барысында көлік жүргізу құқығынсыз көлік тізгіндеу, қауіпсіздік белдігін тақпау, сондай-ақ, рөлде отырып ұялы телефон пайдалану деректері тіркелді", - деді ПД өкілі.

Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көліктері айыппұл тұрағына жөнелтілген.
Дрондар қай жерлерде қолданылады?
Жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау және жүргізушілердің шаршағанын бақылау үшін дрондарды пайдалану 2025 жылы басталған.
Әлекешевтің айтуынша, дрондар қауіпті жүргізушілерді, сондай-ақ, жолда сегіз сағаттан аса уақыт жүрген көліктерді анықтайды.

"Алгоритм мынадай: көлік сегіз сағаттан аса уақыт тоқтамай жүрсе, дрон оның тым ұзақ уақыт қозғалыста екенін хабарлайды", - деді Әлекешев ІІМ-дегі баспасөз туры кезінде.

Бұған дейін дрондардың жұмысы Алматы облысында көрсетілген еді. Онда қаңтардан наурызға дейін ұшқышсыз аппараттардың көмегімен қарсы жолаққа шығу бойынша 59 дерек анықталған.
Маңғыстау және Қарағанды облыстарында да жолда ереже бұзғандарды тіркеу үшін дрондар қолданыла бастады.
Алматыда да дрондарды байқаған жүргізушілер бар. Қала тұрғыны көліктер легін бақылап жүрген дронның видеосын жариялады. Сол кезде полиция оның қызметтік дрон екенін және штаттық режимде жұмыс істегенін хабарлаған еді.












Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *